Free Essay

Marketing

In:

Submitted By nayagoz
Words 2801
Pages 12
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы « » қазандағы № қаулысымен мақұлданған

«Мәдени мұра» стратегиялық ұлттық жобасының
2009 – 2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы Астана қаласы, 2008 жыл

Мазмұны

|1. Кіріспе |3 |
|2. Тарихи-мәдени мұраны зерделеу мен сақтаудың қазіргі | |
|жай-күйін талдау |3 |
|3. Тарихи-мәдени мұра саласындағы мемлекеттік саясат – егеменді Қазақстанның тұрақты дамуының факторы | |
| |6 |
|4. Тұжырымдаманың мақсаттары мен міндеттері |7 |
|5. Тұжырымдаманың басым бағыттары |7 |
|5.1. Ұлттық рәміздерді қалыптастыру |8 |
|5.2. Мәдени туризмді дамыту |8 |
|5.3. Ұлттық тарихи-мәдени мұраны халықаралық деңгейде насихаттау | |
| |8 |
|5.4. Өткен бес жылда табылған тарихи-мәдени мұраны кешенді зерделеу | |
| |9 |
|5.5. Жүйеленген білімді оқу процесіне енгізу |10 |
|5.6. Саланы дамытудың стратегиялық ресурсы ретінде кадр саясатын іске асыру | |
| |10 |
|6. Тұжырымдаманың қағидаттары мен тетіктері |10 |
|7. Тұжырымдаманы іске асырудан күтілетін нәтижелер |11 |

1. Кіріспе

Мәдени мұра – орны толмас құнды рухани, мәдени, экономикалық және әлеуметтік қазына. Мұра осы заманғы ғылым, білім мен мәдениеттің де қайнар көзі. Бұл, табиғи байлықтармен қатар, ұлттың өзін-өзі сыйлауы мен әлемдік қоғамдастықты мойындатуына басты негіз болып табылады. 2009 – 2011 жылдарға арналған «Мәдени мұра» стратегиялық ұлттық жобасының Тұжырымдамасы (бұдан әрі – Тұжырымдама) Мемлекет басшысының 2008 жылғы 13 маусымда өткен «Мәдени мұра» бағдарламасын іске асыру жөніндегі Қоғамдық кеңестің отырысында берілген тапсырмасын орындау мақсатында әзірленген. Бұл Тұжырымдамада 2004 – 2006 жылдарға арналған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын (бұдан әрі – Мемлекеттік бағдарлама) іске асырудың негізгі аспектілері және 2007 – 2009 жылдарға арналған «Мәдени мұра» салалық бағдарламасының (бұдан әрі – салалық бағдарлама) екі жылдық нәтижелері талданып, оны алдағы жылдары іске асырудың басым бағыттары көрсетілген. Тұжырымдаманың өзектілігі Қазақстан халқының тарихи-мәдени мұра құндылықтарына деген мемлекет көзқарасын жүйелі жетілдіріп отырумен айқындалады. Өткен кезеңдердегі саяси және әлеуметтік-экономикалық өзгерістерді қайта зерделеу мен бағалау процесі барынша күшейіп келе жатқан қазіргі уақытта ақиқатқа объективті, нақпа-нақ және сындарлы тұрғыдан қарап, мәдени мұраны сақтау мен тиімді пайдалану перспективаларын терең бағамдау қажеттілігі туындап отыр. Осы Тұжырымдама халықтың әлеуеті мен ізгілік бағытын паш етіп, оның тарихи тәжірибесін байытқан және ұрпақтар жалғастығының сенімді тірегіне айналған стратегиялық ұлттық жобаны одан әрі іске асыру жөніндегі 2009 – 2011 жылдарға арналған «Мәдени мұра» салалық бағдарламасының іс-шаралар жоспарын жасауға негіз болады.

2. Тарихи-мәдени мұраны зерделеу мен сақтаудың қазіргі жай-күйін талдау

Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру Қазақстан тарихындағы шын мәнінде теңдесі жоқ, аса жемісті гуманитарлық акция болды. Отандық мәдениет пен ғылымды жоғары деңгейге көтеруге мүмкіндік беретін жаңа құнды тәжірибе алынды. Еліміздің тарихи-мәдени мұрасын зерделеу, айрықша маңызы бар тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштерін қайта қалпына келтіру жөнінде ауқымды жұмыс атқарылды. Бүгінгі күні мемлекеттік мұражайларда екі миллионнан астам мәдени құндылықтар сақталуда. Ұлттық мәдениет пен жазудың сан ғасырлық тәжірибесін қорыту, әлемдік ғылыми ой-сананың, мәдениет пен әдебиеттің үздік жетістіктері негізінде гуманитарлық білімнің мемлекеттік тілдегі толықанды қорын құру жөнінде жұмыс жүргізілді. Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру барысында 35 тарих және мәдениет ескерткіштерінде жаңғырту жұмыстары, 30 қалашық, қоныс, тұрақ пен қорғанда археологиялық зерттеу жұмыстары жүзеге асырылды. Қытай, Түркия, Моңғолия, Ресей, Жапон, Египет, Өзбекстан, Армения, АҚШ, бірқатар Батыс Еуропа елдеріне ғылыми-зерттеу экспедициялары ұйымдастырылып, ғылыми ортаға бұрын белгісіз болып келген Қазақстанның тарихы, этнографиясы, өнері туралы бес мыңға жуық қолжазба мен баспа басылымдары табылды. Экспедициялар барысында тек Қытайдың өзінде ғана Қазақстанның тарихы мен мәдениетіне қатысты бұрын зерттелмеген үш жарым мыңға жуық тың дерек табылды. Осы зерттеулердің нәтижесінде, қазір Қазақстанда қазақ хандары мен сұлтандарының Қытай, Қоқан, Хиуа және де басқа шектес жерлердің билеушілерімен хат алмасуы жөнінде көптеген тарихи маңызды деректер жиналды, бұрын белгісіз қыпшақ жазбаларын иелендік. Жүздеген жазба ескерткіштер Еуропа мемлекеттерінің кітапханалары мен дипломатиялық мұрағаттарынан табылды. Шет елде Орталық Азиядағы көне көшпелі халықтардың шаруашылық құрылысы мен антропологиялық түріне, олардың тілдерінің өзара ықпалына және өзара қарым-қатынастарына қатысты этнологиялық деректердің табылуының маңызы айрықша зор. Қожа Ахмет Иассауи кесенесі мен Тамғалы археологиялық кешені сияқты екі ғажайып ескерткіш ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік Мұралар Тізіміне енді. Аталған тізімге ұсынылған келесі ескерткіш ежелгі Отырар қаласы болып отыр. Мемлекеттік бағдарлама аясында 230 аталым кітап жарық көрді, арасында тарих, археология, этнография жөніндегі аса құнды сериялар, жаңа энциклопедиялық сөздіктер бар. Мысалы, «Бабалар сөзі» сериясы жүздеген жылдар бойы жасалған қазақ халқының бай ауыз әдебиетін жинақтауға мүмкіндік берсе, «Қазақтың ата заңдары» жинағы қазақ халқының құқықтық санасының даму тарихын ашып көрсетеді. Мемлекеттік бағдарлама ТМД елдерінде ғана емес, сонымен қатар алыс шетелдерде де аса жоғары бағаланды. 2006 жылғы сәуірде Париж қаласындағы ЮНЕСКО-ның Штаб-пәтерінде оның тұсаукесері табысты өтті. Оны іске асыруға мемлекеттік бюджеттен 2,7 миллиардқа жуық теңге бөлінді. Мемлекеттік бағдарлама тарихи-мәдени мұраны қайта қалпына келтірумен ғана шектелмейді. Оның басты мақсаты – қоғамдық санада оң өзгерістерге қол жеткізу және нақ осы тұрғыда ол маңызды идеологиялық, жалпымемлекеттік мәнге ие. Біріншіден, мемлекеттіліктің аса маңызды рухани негізі болып табылатын ұлттың тарихи санасының көкжиегін кеңейту және рөлін күшейту туралы сөз болып отыр. Мемлекеттік бағдарламаны әзірлеу барысында зерттеулер жүргізу ауқымының тарихи диапазоны концептуалды түрде анықталды. Ол қола дәуірінің соңынан бастап темір дәуіріне дейінгі екі мың жылдан асатын кезеңді қамтиды. Нәтижесінде Еуразия кеңістігіне атты көшпелілердің шығуы және осы оқиғаның әлемдік діндер пайда болған «осьтік дәуірге» әсері, далалық өркениет пен қазақ хандықтарының жарқын әрі драмалық тағдыры, Ұлы Жібек жолы бойында қалалардың пайда болуы, олардың гүлденуі, құлауы мен қайта өркендеуі, отарлану, империя құрамында болу, егеменді мемлекет ретінде болашаққа жол іздеу сияқты іргелі тарихи оқиғалар назарға алынды. Екіншіден, Мемлекеттік бағдарлама ұлттық сана-сезімнің қалыптасуы және нығаюына байланысты сұрақтарға жауап болды. Үшіншіден, Мемлекеттік бағдарламаның іске асырылуы елдің жаңа тарихи-мәдени ландшафтының қалыптасуына игі әсерін тигізді. Төртіншіден, Мемлекеттік бағдарламаның іске асырылуы қазақстандықтардың өз тарихына және мәдениетіне қызығушылықтарын арттыра түсті. Бесіншіден, Мемлекеттік бағдарламаның елдегі этносаралық өзара түсіністіктің артуы мен ұлтаралық қатынастардың үйлесімділігі тұрғысынан алғандағы зор әлеуетін де атап көрсету қажет. Жалпы алғанда, Мемлекеттік бағдарлама бойынша өте қомақты нәтижелерге қол жеткізілді, ол елдегі және шетелдік зиялы қауым тарапынан жоғары бағаға ие болды. Елдің мәдени мұрасын зерделеуге, сақтауға, қалпына келтіруге және тиімді пайдалануға бағытталған шаралар кешенін іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 10 желтоқсандағы № 1203 қаулысымен 2007 – 2009 жылдарға арналған «Мәдени мұра» салалық бағдарламасы бекітілді, ол Мемлекеттік бағдарламаның қисынды жалғасы болып келеді. «Мәдени мұра» салалық бағдарламасын іске асырудағы 2 жыл ішінде (2007 – 2008 жж.) 16 тарих және мәдениет ескерткіштерінде жаңғырту жұмыстары аяқталды, 39 қалашық, қоныс, тұрақ пен қорғанда маусымдық археологиялық зерттеу жұмыстары жүргізілді. Ұлттық мәдениет үшін айрықша маңызы бар тарихи-мәдени, сәулет және археология ескерткіштерінде 8 қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізілді, Қазақстанның тарихы, археологиясы, этнографиясы және мәдениетінің мәселелері жөніндегі басылымдардың жаңа серияларын әзірлеп шығару бойынша жұмыстар жалғастырылды. Салалық бағдарламаны іске асыруға 2007 – 2008 жылдары мемлекеттік бюджеттен 3,2 миллиардқа жуық теңге бөлінді. Сонымен қатар, Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру тәжірибесі қысқа мерзім ішінде рухани-мәдени, гуманистік әлеуетті толығымен ашып жүзеге асыруға мүмкіндік бермейтін бірқатар тенденциялардың бар екендігін де көрсетті. Егер Мемлекеттік бағдарламаның алдағы кезеңі негізінен аса ауқымды мәдени мұраны, соның ішінде, фольклор, салт-дәстүрлерді зерделеу, ұлттық мәдениет үшін маңызы айтарлықтай зор тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштерін қалпына келтіру, ұлттық әдебиет пен жазудың көпғасырлық тәжірибесін жинақтау бағытындағы игі істермен сипатталса, оны одан әрі іске асырудағы мақсат – мол тарихи-мәдени мұраны қоғам игілігіне айналдыруды қамтамасыз ету болып табылады.

3. Тарихи-мәдени мұра саласындағы мемлекеттік саясат - егеменді Қазақстанның тұрақты дамуының факторы

Егеменді Қазақстанның бүгінгі өмірі мен оның жан-жақты даму перспективаларын мәдени мұрасыз елестету мүмкін емес. Мәдени мұра сана-сезімді қалыптастыру негіздерінің бірі, ізгілік пен отаншылдық құндылықтар сабақтастығын орнықтыруда зор әлеуетке ие. Мәдени мұраның экономикалық ресурсын жұмылдыру – елді қайта жандандырудың негізі. Тарихи ортаның сақталуы республикамыздың инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз етеді. Ол, сонымен қатар, бүкіл қазақстандық қоғамдастықтың игілігіне айналар жанама артықшылықтардың шеңберін кеңейтуге де алып келеді. Мәдени мұраны сақтау саласындағы мемлекеттік саясаттың базалық қағидаты – бұл жұмыстың мемлекетіміздің экономикалық және әлеуметтік дамуы аясында ғана тиімді болатындығына негізделген кешенді көзқараспен қарау. Мәдени мұраны сақтау орнықты даму стратегиясының шешуші элементі болуға тиіс. Қазақстан өз экономикасының маңызды саласы бола алатын және болуы қажет туризм индустриясын дамыту үшін қуатты мәдени әлеуетке ие. Туризм тарих және мәдениет ескерткіштерін кең танытуға септігін тигізеді, республикамыздың ел ішіндегі, сондай-ақ шет елдердегі биік беделін нығайтады. Мәдени мұраның туризмді дамытудағы артықшылықтарын пайдалануға негізделген мәдени туризмнің қазақстандық моделі ұмытылып кеткен дәстүрлер мен өнер түрлерін жаңғыртуға, туристік қызығушылық тудыратын жаңа орталықтар ашуға, ерекше бағыттар түрлерін ұйымдастыруға бағытталуы тиіс. Туристік-экскурсиялық жұмыс тәуелсіз Қазақстанның мәдени мұрасының бар әлеуетін пайдалана алады. Кешенді сақтау қағидатына мемлекеттік басқару органдарының жұртшылықпен және мемлекеттік емес сектормен серіктестік қарым-қатынастарды дамытуда бастамашы, қадағалаушы және үйлестіруші функциялары да енеді. Мәдени мұраны барлық қолжетімді ресурстарды пайдалана отырып сақтау ісіне деген ведомствоаралық көзқарасты да қолдау қажет. Сақтау міндетін тек орталық атқарушы органдар ғана емес, жергілікті атқарушы билік органдары да шешуге тиіс. «Мәдени мұра» стратегиялық ұлттық жобасын жүзеге асыру барысында мәдениет жөніндегі мемлекеттік саясатты жүргізуге деген жаңа сапалы көзқарастарды айқындап бергендігін, Қазақстанның зор рухани, тарихи-мәдени және гуманитарлық әлеуетін паш еткенін атап өту қажет. 4. Тұжырымдаманың мақсаттары мен міндеттері

Осы Тұжырымдаманың мақсаты – рухани және білім беру салаларын дамытудың ғылыми, әлеуметтік-экономикалық және ұйымдастыру-әдістемелік базасын одан әрі жетілдіру, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану тиімділігін арттыру тетіктерін әзірлеу. Қойған мақсаттарға жету үшін күш-жігерді мынадай негізгі міндеттерге жұмылдыру қажет: тарихи-мәдени мұраны сақтап, одан әрі дамыту үшін қолайлы жағдай жасау; мемлекеттік және салалық бағдарламалар іс-шаралар жоспарын іске асырудың тиімді тетіктері мен құралдарын әзірлеу; Қазақстанның бай тарихи және мәдени мұрасын халықаралық деңгейде насихаттау; мемлекеттік және салалық бағдарламаларын іске асыру барысында жинақталған жаңа және жүйеленген білімді ғылыми айналымға енгізу жөнінде ұсыныстар әзірлеу; тарихи-мәдени мұраны туризмді дамыту үшін белсенді пайдалану, тарих және мәдениет ескерткіштерін туризм инфрақұрылымының маңызды бір бөлігі ретінде қарастыру; тарихи-мәдени мұраны халыққа кеңінен тарату мақсатында қоғамдық білім және бұқаралық ақпарат салаларына аудару жолдарын іздестіру; Түркістан қаласы мен Отырар қалашығындағы бірқатар маңызды ескерткіштерді, Есік пен Берел қорғандары және басқа да тарихи-мәдени кешендерді заман талабына сай қайта қалпына келтіру жөнінде шаралар әзірлеу, олардың мемлекет тарихындағы, елді біріктіруші құндылықтар ретінде алатын орнын айшықтайтын жүйелі іс-шаралар жүргізу; еуразиялық кеңістіктегі көшпелі мәдениет мұрагері ретінде қазақ мәдениетінің ұлттық брэндін қалыптастыру және оны халықаралық деңгейде насихаттау; шетелдік ғалымдармен, іргелі ғылыми орталықтармен бірлесе отырып ұлттық мұраларды кешенді түрде жан-жақты зерттеу, олардың ғылыми айналымға түсуін қамтамасыз ету.

5. Тұжырымдаманың басым бағыттары

Тұжырымдаманың басым бағыттары: 1) ұлттық рәміздерді қалыптастыру; 2) мәдени туризмді дамыту; 3) ұлттық тарихи-мәдени мұраны халықаралық деңгейде насихаттау; 4) өткен бес жылда табылған тарихи-мәдени мұраны кешенді зерделеу; 5) жүйеленген білімді оқу процесіне енгізу; 6) саланы дамытудың стратегиялық ресурсы ретіндегі кадр саясатын іске асыру.
5.1. Ұлттық рәміздерді қалыптастыру

Бағдарламаның жаңа кезеңінде Есік, Берел қорғандары және Түркістан қаласы мен Отырар қалашығындағы бірқатар маңызды ескерткіштер сияқты мемлекеттілігіміздің асыл қазыналарын қайта жаңғырту және оларды ұлттық рәміздеріміз ретінде орнықтыру жоспарланып отыр. Отырар – Ұлы Жібек жолында орналасқан ірі сауда орталығы, мұнда әлемге әйгілі ғұлама Әл-Фараби дүниеге келді. Бұл – әлем тарихындағы ірі кітапханалардың бірі орналасқан рухани бесік. Түркістанда халқы үшін жан қиған, елі мен жері үшін қасық қаны қалғанша күрескен қазақ хандары, батырлары мен билері жерленген. Кеңес дәуірінде Есім, Тәуке, Жәңгір хандардың, Қазыбек бидің, Бөгенбай, Жәнібек, Жауғаш және Қойгелді батырлардың кесенелері мен зираттары жойылды. Аталған объектілердің барлығы халықты біріктіретін киелі рәміздер мен қасиетті орындар болып саналады.

5.2. Мәдени туризмді дамыту

Ұлы Жібек жолының тарихи орындары негізінде мәдени туризмді дамыту, олардың мемлекет тарихындағы халықты біріктіретін құндылықтар ретіндегі рөлін ашып көрсететін жүйелі іс-шаралар өткізу мемлекеттің негізгі стратегиялық бағыттарының біріне айналуға тиіс. Бүгінгі күнге дейін біздің мол рухани қазынамыз әлемдік қауымдастық назарына жеткілікті ұсынылмай отыр, сол тұрғыда мәдени туризм де белсенді дамымай келеді. Жоғарыда көрсетілген ұлттық рәміздеріміз негізінде мәдени туризмнің даму жолдарын анықтау ұсынылады. Қазақстан территориясын әлемге Ұлы Жібек жолының негізгі тармағы ретінде көрсету, соған орай нақты бағдарлар жүйесін құру қажет. Әр қорық-мұражайға бөлек сипаттама беру мақсатында Ұлы Жібек жолының магистральді учаскілеріндегі қорық-мұражайлардың дамуын анықтайтын Бас жоспар құру жөнінде шаралар атқарылды. Мәдени туризмді дамыту мақсатында барлық тарихи орындарды мұражайландыру жүзеге асырылады. Әр мұражай халықтың басынан өткен күрделі тағдырды танытып, Қазақстан тарихын кезең-кезең бойынша көрсететін болады. Қорық-мұражайлар көшпелілер тұрмысын өз дәуірінің рухына сай көрсетуі тиіс.

5.3. Ұлттық тарихи-мәдени мұраны халықаралық деңгейде насихаттау

Әл-Фараби және Сұлтан Аз-Захир Бейбарыс сияқты атақты тұлғалар ежелгі қазақ жерінен шыққандығы тарихтан белгілі. Біздің борышымыз – олардың түрік мәдениетінің ажырамас бөлігі екендігін әлемдік қауымдастыққа таныту. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Египет пен Сирияға ресми іссапары кезінде Дамаск қаласында Сұлтан Аз-Захир Бейбарыстың кесенесін қайта жаңғырту және Әл-Фараби кесенесі мен этномәдени орталығын салу, Каир қаласында Сұлтан Аз-Захир Бейбарыстың мешітін қайта жаңғырту туралы Келісім жасалды. Бағдарламаның жаңа кезеңінде үкіметаралық келісім ережелерін іске асыру бағытында ауқымды кешенді шаралар жүзеге асырылады. 2007 жылы Дамаск қаласында Әл-Фараби кесенесі мен этномәдени орталығын салу (Сирия), Каир қаласында Сұлтан Аз-Захир Бейбарыстың мешітін қайта жаңғырту (Египет) жұмыстары басталды. Берел мен Есік қорғандары, Түркістан қаласы мен Отырар қалашығының ескерткіштері, өзге де тарихи орындар туралы халықаралық талаптарға сай, терең мазмұнды, жоғары сапалы деректі фильмдер жасалып, оларды «Би-би-си», «Дискавери» сияқты әйгілі әлемдік телеарналардан көрсету ұйымдастырылады. Осындай жобалар, біріншіден, қазақ жерінің әлемдік деңгейде танылуына, екіншіден – туристердің көбеюіне игі әсерін тигізеді. Сол сияқты халықаралық ғылыми-теориялық конференциялар өткізу жоспарланып отыр, шетелдік ғалымдармен, іргелі ғылыми орталықтармен бірге жалпыәлемдік мәдени құндылықтар тұрғысынан ұлттық мұрамызды зерделеу жүзеге асырылады. Ұлттық мәдени мұраны жалпыәлемдік құндылық ретінде таныту мақсатында шетелдерде көрмелер ұйымдастырылатын болады. Астана қаласында мемлекеттік және салалық бағдарламаларын іске асыру шеңберінде табылған аса құнды жәдігерлер жинақталатын, халықаралық деңгейдегі мұражай ашу жөнінде ұсыныс енгізіледі. Бұл туристердің нақты экспонаттар арқылы қазақ жерінің сақ және ғұндар кезінен бүгінгі күнге дейін адамзат өркениетінің дамуына қосқан үлесі туралы ақпарат алуына мүмкіндік береді.

5.4. Өткен бес жылда табылған тарихи-мәдени мұраны кешенді зерделеу

Бүгінгі таңда шетелден Қазақстанға қазақ тарихына қатысты 5 000-ға жуық материалдың көшірмелері әкелінді. Жинақталған барлық ақпараттар мен материалдар ғылыми айналымға енгізілетін болады. Сонымен қатар: көне қалашықтарда, қоныстар мен қорғандарда археологиялық зерттеулер жүргізіледі; қазақ халқының және Орталық Азия көшпенді халықтарының тарихы, материалдық және рухани мәдениетіне қатысты қолданбалы ғылыми зерттеу жобалары жүзеге асырылады; өскелең ұрпақты қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу мақсатында мәдени мұра мәселелері бойынша мемлекеттік тілдегі кітаптардың жаңа сериялары әзірленіп шығарылды.

5.5. Жүйеленген білімді оқу процесіне енгізу

Бүгінгі күнгі басты міндеттердің бірі – төл мәдени дәстүрлерін жақсы білетін, өз халқының тарихын сүйетін ұрпақ, елдің болашағына тірек бола алатын ұрпақ тәрбиелеу. Қазіргі Қазақстан – халықаралық қауымдастықтың толық құқылы, құрметті және беделді мүшесі. Негізгі экономикалық, әлеуметтік дамудың және тұрғындардың өмір сүру деңгейі көрсеткіштері бойынша біздің еліміз ТМД-да бірінші орында тұр. Елде бірнеше тілде еркін сөйлей алатын, заманға сай ақпараттық технологияларды игерген белсенді жас ұрпақ өсіп келе жатыр. Сонымен бірге халқының рухани құндылықтарын игермеген, өз тарихын білмейтін жас ұрпақ қазіргі жаһандану ағынына төтеп бере алмай түрлі догмалық бағыттарға еріп кету қауіпі бар екендігін жасыруға болмайды. Мемлекеттің осы тұрғыдағы міндеті – жас қазақстандықтарды патриоттық рухта, халқына деген сүйіспеншілік рухында тәрбиелеу. Бұл мәселені жан-жақты талқылау және тиісті шешім қабылдау үшін ұзақ мерзімді болашаққа арналған жұмыс жоспарлары жасалып, оларды жүзеге асыру қолға алынатын болады.

5.6. Саланы дамытудың стратегиялық ресурсы ретінде кадр саясатын іске асыру

Қоғамның тұрақты және өскелең дамуының кепілі - кәсіби кадрлар мәселесін тиімді шешу. Қазіргі уақытта кәсіби біліктілігі жоғары кадрлар қажет. Кәсіби аудармашыларды даярлау міндеті әлі де лайықты шешімін таппай келеді. Тарихи мұра мен ұлттық фольклорды басқа тілдерге, әлемдік ғылым мен қоғамдық ойдың озық үлгілерін қазақ тіліне сапалы аудара алатын мамандар қажет. Ежелгі қазыналарды қалпына келтіру үшін реставраторлар жетіспейді. Жоғарыда аталғандарды ескере отырып: аудармашы, тарихшы және этнографтар мамандарын даярлауын, жас мамандардың халықаралық оқыту бағдарламаларына қатысуларын қамтамасыз ету; мәдениет қызметкерлерінің еліміздің және шет елдердің үздік мәдениет мекемелерінде біліктілік мектебінен өтуін ұйымдастыру; жақын және алыс шет елдерде тәжірибе жинақтауын ұйымдастыру қажет.

6. Тұжырымдаманың қағидаттары мен тетіктері

Тұжырымдама келесі қағидаттарды ескере отырып, іске асырылады: 1) мемлекеттік саясатты іске асыру барысында инновациялық көзқарасты, жүйелілік пен сабақтастықты қамтамасыз ету; 2) тарихи-мәдени мұраны сақтау және насихаттау саласындағы әлемдік тәжірибені пайдалану; 3) тарихи-мәдени мұраны сақтау және насихаттау саласында осы заманғы инновациялық және ақпараттық технологияларды пайдалану; 4) мемлекеттік және салалық бағдарламалары аясында іске асырылған ғылыми-зерттеу және ізденіс жобаларының жалпыға бірдей қолжетімділігін қамтамасыз ету. Тұжырымдаманы жүзеге асыру тетіктері мыналар: 1) 2009 – 2011 жылдарға арналған «Мәдени мұра» стратегиялық ұлттық жобасын жүзеге асыру жөніндегі шаралар жоспарын әзірлеу; 2) 2009 – 2011 жылдарға арналған «Мәдени мұра» стратегиялық ұлттық жобасын жүзеге асыру жөніндегі шаралар мониторингін іске асыру; 3) «Мәдени мұра» стратегиялық ұлттық жобасын жүзеге асыру жөніндегі ақпараттық материалдарды «Мәдени мұра» Web-сайтына орналастыру; 4) «Мәдени мұра» бағдарламасын іске асыру жөніндегі Қоғамдық кеңестің отырысында секциялар жетекшілерінің есептерін тыңдау.

7. Тұжырымдаманы іске асырудан күтілетін нәтижелер

Салалық бағдарламаны одан әрі іске асыру бойынша ұсынылған шаралар кешенін жүзеге асыру 2009 – 2011 жылдарға жоспарланған және: әлемдік дамудың тенденциялары мен бағыттарына сәйкес, Қазақстан ғылымының гуманитарлық саласының теориялық және ғылыми базасын нығайтуға; қазақ халқының ділі мен мәдениетінің ерекшеліктерін, халықаралық тенденциялары мен бағыттарын ескеретін, әлемдік кеңістікте елдің тарихи-мәдени мұрасын насихаттаудың бірыңғай механизмін әзірлеуге; мәдениеттану ғылымы саласының дамуы үшін жағдайлар жасауға; ұлттық тарихи мұраны халықаралық деңгейде насихаттауға; мәдениет саласындағы шетелдік ғылыми-сараптамалық орталықтармен іскерлік байланыстар жасауға және аталған саладағы халықаралық трендтерді тиімді ескеруге; 2009 – 2011 жылдарға арналған «Мәдени мұра» стратегиялық ұлттық жоба бойынша жиналған деректер мен материалдарды ғылыми айналымға енгізуге; 2009 – 2011 жылдарға арналған «Мәдени мұра» стратегиялық ұлттық жобасын іске асыру нәтижелері бойынша алынған жүйеленген мәліметтерді орта және жоғары оқу орындарының оқулықтары мен оқу бағдарламаларына енгізуге мүмкіндік береді. Постиндустриялық өркениет мәдени мұраның аса жоғары әлеуетін, оны әлемдік экономиканың аса маңызды ресурстарының бірі ретінде сақтап, тиімді пайдаланудың қажеттігін терең сезініп отыр. Қазақстан егеменді мемлекет құрудың жаңа сатысына өтуі кезеңінде халқы ұлттық даму мүддесінің аясына шоғырланып, тарихи мұраларымыз ел тұтастығының символына айналуы тиіс. Осы Тұжырымдама тарихи-мәдени мұраның сақталуын және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етуге, 2009 – 2011 жылдарға арналған «Мәдени мұра» стратегиялық ұлттық жобасын тұрақты даму стратегиясының негізгі факторларының біріне айналдыруға мүмкіндік береді.

________________________

Similar Documents

Premium Essay

Marketing

...ASB-1104 Introduction to Marketing Assignment 1 In view of the dynamic nature of the marketing environment, to what extent do you consider consumers to be, in practice, central to marketing activities? Name: ZHUOMING AN Student No: 500356688 Tutor: David James Introduction What is marketing? The answer is not changeless. There are some different definitions about marketing. The Chartered Institute of Marketing define that "Marketing is the management process responsible for identifying, anticipating and satisfying consumers' requirements profitably." (CIM). Taking a concern into this definition, it indicates that marketing begins before a product or service is developed. In additional, it also explain that marketing involves identifying an unsatisfied consumer need or want and determining if a profitable opportunity exists. Another definition is that “A social and managerial process by which individuals and groups obtain what they need and want through creating and exchanging products and value with others." (Kotler et al., 2005). The basic idea of this definition is that core to all marketing activities is customer satisfaction, which means marketing is an ongoing process as consumer demands and the environment is constantly changing. Products need to adapt as demands change. At the same time, marketing does not involve misleading, tricking or manipulation the customer. The Jobber also define the marketing is "The achievement of corporate goals through meeting...

Words: 1933 - Pages: 8

Premium Essay

Marketing

...*/introduction Critically evaluates the marketing planning process Discusses impediments to effective implementation of marketing plan Introduction The leading exponents of the marketing planning have been warned of the communications factors, operational, cultural and managerial in which frequently impede the effective implementation of the marketing planning programmers in the past two decades. (Cravens, 1998; Doyle, 1998; Greenley, 1982; Leeflang and de Mortanges, 1996; McDonald, 1992a, b; 1995; Piercy and Morgan, 1994; Jain, 1993; Simkin, 1996a, b; Verhage and Waarts, 1988). There have some specific guidance are offered in the recent years to assist marketing managers overcoming those internal organisational and in pre-empting forces (cf. Cravens, 1998; Dibb et al., 1996; Lings, 1999; Piercy, 1997; 1998; Simkin, 2000). Yet, the recent research has shows barriers to the implementation of programmes and marketing strategies. (Dibb and Simkin, 2001; Simkin, 2000). Another key barrier is indicating impeding the deployment of effective marketing practices used to be the lack in most marketing function or either in organisations. (cf. McDonald, 1992a, b; Piercy and Morgan, 1994). The research are shows this is a no longer to the case with the bulkiness businesses professing to have a marketing department undertaking not only promotion and customer research,but are relate to the Kotleresque textbook approach to marketing management (Dibb and Simkin, 1997; Piercy...

Words: 1580 - Pages: 7

Premium Essay

Marketing

...A high-level data model in business or for any functional area is an abstract model that documents and organizes the business data for communication between functional and technical people. It is used to show the data needed and created by business processes. A data model in software engineering is an abstract model that documents and organizes the business data for communication between team members and is used as a plan for developing applications, specifically how data are stored and accessed. An entity-relationship model (ERM) is an abstract conceptual data model (or semantic data model) used in software engineering to represent structured data. There are several notations used for ERMs. Methodology: 1. Use E-R model to get a high-level graphical view of essential components of enterprise and how they are related 2. Then convert E-R diagram to SQL DDL, or whatever database model you are using E-R Model is not SQL based. It's not limited to any particular DBMS. It is a conceptual and semantic model – captures meanings rather than an actual implementation The E-R Model: The enterprise is viewed as set of * Entities * Relationships among entities Symbols used in E-R Diagram * Entity – rectangle * Attribute – oval * Relationship – diamond * Link - line Ellipsis (plural ellipses; from the Ancient Greek: ἔλλειψις, élleipsis, "omission" or "falling short") is a series of dots that usually indicate an intentional omission of a word, sentence...

Words: 1759 - Pages: 8

Premium Essay

Marketing

...Defining Marketing Paper ShuMikki Stinson MKT/351 Thomas Collins August 26, 2013 Marketing is a tool that can help business owners to prosper with their product. Marketing can be defined as an instrument that is helpful to individuals to promote their goods in their unique way that other people items would not be an eye-catcher. It is vital to know that the key thing for every marketing tool that the individual uses will be used for the proper reasons. By the individual using marketing tools in the proper way, the individual will reach their marketing level in which they wish to be at. There are side effects when it comes to the marketing tools and the techniques which they do not work properly as it was intended too. There are numerous of definitions that relate to the marketing field. According to William D. Perreault, the author of Basic Marketing, the best definition of marketing is the performance of activities that seek to accomplish an organization’s objectives by anticipating customer or client needs and directing a flow of need satisfying goods and services from producer to customer or client. (William D. Perreault, 2011). Marketing is important because it can be a benefit for a business or a hardship. Respectable marketing methods can make a transformation between a concrete upsurges in sales to an impasse circumstances on a quality merchandise. Marketing can be as simple as having a general conversation, which is usually the case in the long run. Marketing is vital...

Words: 767 - Pages: 4

Premium Essay

Marketing

...Omar Rochell Marketing MKT/421 April 7, 2011 Nikki Jackson Introduction Marketing is exposed to someone every day, even when they do not seem realize it. Driving down the roads you see billboards everywhere and that is part of marketing. Logos people were on their shirts and signs in the middle or on the sign of football fields are all part of marketing. Even when a child is marketing themselves to their parents to borrow the car or go to a party they are marketing themselves to their parents in exchange for the car or the party. A set of activities that will benefit both parties’ objectives is my own personal definition of marketing. This paper will be defining marketing in different perspectives. Discussing the importance of marketing in a organizational success will also be discussed with examples included from different organizations. As an organization it is important to know what marketing is and how to establish success. What is Marketing “Marketing is defined as the activity, set of institutions, and processes for creating, communicating, delivering, and exchanging offerings that will have value for customers, clients, partners, and society at large.”(American Marketing Association, 2011) Marketing is a process that helps links the consumer, customer, and public to information that will help identify and market opportunities. Marketing research will generate, and evaluate different types of market actions, monitor marketing performance, and help improve...

Words: 1088 - Pages: 5

Premium Essay

Marketing

...focus inward on the organization’s needs instead of outward (the customer’s needs). • Product is aimed at everyone. • Firms want to profit through maximizing sales volume. • Promotion to achieve goals. 2. Describe some of the characteristics of a firm that would follow a marketing orientation. Marketing orientation is “a philosophy that assumes that a sale does not depend on an aggressive sales force but rather than on a customer’s decision to purchase a product; it is synonymous with the marketing concept.” • Unlike sales orientation, a firm would focus outward on the customers wants and needs. • The goal of a firm is to satisfy customers wants and needs and delivering superior value. • The target is specific groups of people. • Where sales orientation profits by sales volume, marketing orientation firms profit with good feedback from customers or customer satisfaction. • It’s more about marketing and less about selling (less persuasion). • Firms identify what customers want and have businesses give them what they want efficiently. 3. In what ways does McDonald's embody both a marketing and a societal marketing orientation? Do some internet research if necessary. McDonald’s embodies a marketing orientation...

Words: 1110 - Pages: 5

Premium Essay

Marketing

...customer-focused and heavily committed to marketing. These companies share a passion for understanding and satisfying customer needs in well-defined target markets. They motivate everyone in the organization to help build lasting customer relationships based on creating value. Marketing is just as important for non-profit-making organizations as it is for profit-making ones. It is very important to realize that at the heart of marketing is the customer. It is the management process responsible for identifying, anticipating and satisfying consumer requirements profitability. Background The term ‘‘marketing’’ is derived from the word ‘‘market’’, which refers to a group of sellers and buyers that cooperate to exchange goods and services. The modern concept of marketing evolved during and after the revolution in the 19th and 20th centuries. During that period, the proliferation of goods and services, increased worker specialization and technological advances in transportation, refrigeration and other factors that facilitate the transfer of goods over long distances resulted in the need for more advance market mechanisms and selling techniques. But it was not until the 1930s that companies began to place a greater emphasis on advertising and promoting their products and began striving to tailor their goods to specific consumer needs. By the 1950s, many larger companies were sporting entire marketing departments charged with devising and implementing marketing strategies that would complement...

Words: 2190 - Pages: 9

Premium Essay

Marketing

...MARKETING PLAN RESEARCH DEFINITION: A marketing plan is a business document written for the purpose of describing the current market position of a business and its marketing strategy for the period covered by the marketing plan. Marketing plans usually have a life of from one to five years. PURPOSE: The purpose of creating a marketing plan is to clearly show what steps will be undertaken to achieve the business' marketing objectives. CONTENT OF MARKETING: A marketing plan for a small business typically includes Small Business Administration Description of competitors, including the level of demand for the product or service and the strengths and weaknesses of competitors. 1. Description of the product or service, including special features 2. Marketing budget, including the advertising and promotional plan 3. Description of the business location, including advantages and disadvantages for marketing 4. Pricing strategy 5. Market Segmentation The main contents in marketing plan are: * Executive Summary Brief statement of goals and recommendations based on hard data. * Environmental Analysis Presents data on the market, product, competition, distribution, macro-environment. (Product fact book) S.P.I.N.S. Situation “Where am I”, Problem identification/Implications “What is happening”, Needs Assessment “Why is it happening”, Solutions “What can I do about it” Market Situation: Data on target market, size and growth for past years...

Words: 579 - Pages: 3

Premium Essay

Marketing

...Marketing MKT 421 Marketing According to “American Marketing Association” (2013), “Marketing is the activity, set of institutions, and processes for creating, communicating, delivering, and exchanging offerings that have value for customer, clients, partners, and society at large.” The American Marketing Society has grown to be the largest marketing associations in the world. The members work, teach, and study in the field of marketing across the globe. Another definition of marketing is according to “About.com Investors” (2013), “Marketing is an activity. Marketing activities and strategies result in making products available that satisfy customers while making profits for the companies that offer those products.” Organizations success lies in marketing and it is the heart of the success. The marketing introduces a product or service to potential customers. An organization can offer the best service or product in the industry but the potential customers would not know about it without marketing. Sales could crash and organizations may close without marketing. For a business to succeed the product or service that is provided needs to be known to the potential buyers. Getting the word out is important part of marketing in any organizational success. Product or service awareness is created by marketing strategies. If marketing is not used the potential customers will never be aware of the organizational offerings and the organization will not have the opportunity to succeed...

Words: 776 - Pages: 4

Premium Essay

Marketing

...chapter 1 Marketing’s Role in the Global Economy When You Finish This Chapter, You Should 1. Know what marketing is and why you should learn about it. 2. Understand the difference between micro-marketing and macro-marketing. 3. Know why and how macromarketing systems develop. 4. Understand why marketing is crucial to economic development and our global economy. 5. Know why marketing special— ists—including middlemen and — facilitators—develop. 6. Know the marketing functions and who performs them. 7. Understand the important new terms (shown in red). www.mhhe. When it’s time to roll out of bed in the morning, does your General Electric alarm wake you with a buzzer—or by playing your favorite radio station? Is the station playing rock, classical, or country music—or perhaps a Red Cross ad asking you to contribute blood? Will you slip into your Levi’s jeans, your shirt from L. L. Bean, and your Reeboks, or does the day call for your Brooks Brothers interviewing suit? Will breakfast be Lender’s Bagels with cream cheese or Kellogg’s Frosted Flakes—made with grain from America’s heartland—or some extra large eggs and Oscar Mayer bacon cooked in a Panasonic microwave oven imported from Japan? Will you drink decaffeinated Maxwell House coffee—grown in Colombia—or some Tang instant juice? Will you eat at home or is this a day to meet a friend at the Marriott-run cafeteria—where you’ll pay someone else to serve your breakfast? After breakfast, will you head off to school...

Words: 14069 - Pages: 57

Premium Essay

Marketing

...Abstract In the world of today with rude competition everywhere, customers’ expectations have become higher than ever. It is not the customers who come towards the products but it is the products which should make their way to the customers. And for this, only competitive businesses that are able to stimulate customers’ interests survive in the market. Therefore firms need to increase customers’ awareness about their products or services to be able to pull and encourage them to engage in purchase of their products. And as such, the promotional mix used by a company is really important for this task. The promotional mix in itself is very broad, consisting of various tools, like advertising, personal selling, direct marketing, public relation and sales promotion. To make the optimum use of these tools, marketers usually select them, depending on their budget and objectives, as well as the sector in which they operate (Kotler & Armstrong 1997). As such, research has been conducted on the use of promotional mix and research questions and objectives have been set. The methodology which will be used has been devised. We shall be doing a descriptive study through a survey questionnaire, in which there will be open as well as close ended questions and the questionnaire will be administered through personal interview that is direct, face-to-face. The sample size will be 100 persons and will all be customers of J Kalachand & Co Ltd. After the research, we will be...

Words: 4233 - Pages: 17

Premium Essay

Marketing

...Marketing is the process of communicating the value of a product or service to customers, for the purpose of selling that product or service. Marketing can be looked at as an organizational function and a set of processes for creating, delivering and communicating value to customers, and customer relationship management that also benefits the organization. Marketing is the science of choosing target markets through market analysis and market segmentation, as well as understanding consumer behavior and providing superior customer value. From a societal point of view, marketing is the link between a society’s material requirements and its economic patterns of response. Marketing satisfies these needs and wants through exchange processes and building long term relationships. Organizations may choose to operate a business under five competing concepts: the production concept, the product concept, the selling concept, the marketing concept, and the holistic marketing concept.[1] The four components of holistic marketing are relationship marketing, internal marketing, integrated marketing, and socially responsive marketing. The set of engagements necessary for successful marketing management includes capturing marketing insights, connecting with customers, building strong brands, shaping the market offerings, delivering and communicating value, creating long-term growth, and developing marketing strategies and plans.[2] Marketing may be defined in several ways, depending on...

Words: 270 - Pages: 2

Premium Essay

Marketing

...oriented philosophy is so important. The phrase market-oriented is used in marketing conversations as an adjective describing a company with a marketing orientation. Market orientation more describes the company's approach to doing business. Market-oriented defines the company itself. If a company is market-oriented, its board and executive leadership believe that the best way to succeed is to prioritize the marketplace above products. This usually goes over well with customers, but the company also must have adequate research and development to provide what the market wants. Hence, a market-oriented organization is one whose actions are consistent with the marketing concept. Difference Between Marketing Orientation & Market Oriented by Neil Kokemuller, Demand Media http://smallbusiness.chron.com/difference-between-marketing-orientation-market-oriented-14387.html Marketing is a management process and management support for marketing concept is very important element in success. If a company wants to be successful then it is market oriented. Marketing involves identifying the customer requirements and estimate the customer requirements in future. It requires planning which is very important process of marketing. To satisfy the needs the business should provide benefits – offering right marketing at right time at right place. Generally market based companies adopt strategic level marketing that defines the mission and long term objectives of the company. Market oriented...

Words: 716 - Pages: 3

Premium Essay

Marketing

...qwertyuiopasdfghjklzxcvbnmqwertyuiopasdfghjklzxcvbnmqwertyuiopasdfghjklzxcvbnmqwertyuiopasdfghjklzxcvbnmqwertyuiopasdfghjklzxcvbnmqwertyuiopasdfghjklzxcvbnmqwertyuiopasdfghjklzxcvbnmqwertyuiopasdfghjklzxcvbnmqwertyuiopasdfghjklzxcvbnmqwertyuiopasdfghjklzxcvbnmqwertyuiopasdfghjklzxcvbnmqwertyuiopasdfghjklzxcvbnmqwertyuiopasdfghjklzxcvbnmqwertyuiopasdfghjklzxcvbnmqwertyuiopasdfghjklzxcvbnmqwertyuiopasdfghjklzxcvbnmqwertyuiopasdfghjklzxcvbnmqwertyuiopasdfghjklzxcvbnmrtyuiopasdfghjklzxcvbnmqwertyuiopasdfghjklzxcvbnmqwertyuiopasdfghjklzxcvbnmqwertyuiopasdfghjklzxcvbnmqwertyuiopasdfghjklzxcvbnmqwertyuiopasdfghjklzxcvbnmqwertyuiopasdfghjklzxcvbnmqwertyuiopasdfghjklzxcvbnmqwertyuiopasdfghjklzxcvbnmqwertyuiopasdfghjklzxcvbnmqwertyuiopasdfghjklzxcvbnmqwertyuiopasdfghjklzxcvbnmqwertyuiopasdfghjklzxcvbnmrtyuiopasdfghjklzxcvbnmqwertyuiopasdfghjklzxcvbnmqwertyuiopasdfghjklzxcvbnmqwertyuiopasdfghjklzxcvbnmqwertyuiopasdfghjklzxcvbnmqwertyuiopasdfghjklzxcvbnmqwertyuiopasdfghjklzxcvbnmqwertyuiopasdfghjklzxcvbnmqwertyuiopasdfghjklzxcvbnmqwertyuiopasdfghjklzxcvbnmqwertyuiopasdfghjklzxcvbnmqwertyuiopasdfghjklzxcvbnmqwertyuiopasdfghjklzxcvbnmrtyuiopasdfghjklzxcvbnmqwertyuiopasdfghjklzxcvbnmqwertyuiopasdfghjklzxcvbnmqwertyuiopasdfghjklzxcvbnmqwertyuiopasdfghjklzxcvbnmqwertyuiopasdfghjklzxcvbnmqwertyuiopasdfghjklzxcvbnmqwertyuiopasdfghjklzxcvbnmqwertyuiopasdfghjklzxcvbnmqwertyuiopasdfghjklzxcvbnmqwertyuiopasdfghjklzxcvbnmqwertyuiopasdfghjklzxcvbnmqwertyuiopasdfghjklzxcvbnmrtyuiopasdfghjklzxcvbnmqwer...

Words: 789 - Pages: 4

Premium Essay

Marketing

...Assessment: MKC1 Market Environmental Variables Reading: Contemporary Marketing: Chapter 3 Questions: 1. How would you categorize Generation X using the five segments of the marketing environment? A: Competitive Environment B: Political-legal environment C: Economic environment D: Technological environment E: Social-cultural environment 2. Joe and Ryan both have storefronts in the local mall. Joe sells candies and Ryan sells pretzels. Are Joe and Ryan in direct competition with each other? A: Yes B: No Consumer Behavior and Marketing Reading: Contemporary Marketing: Chapter 5 Questions: 1. Rachel and Sarah’s parents always purchased groceries from the local Aldi marketplace. What is this type of behavior an example of? A: Cultural influences B: Social Influences C: Personal factors 2. Maryanne purchases Maxwell House coffee every two weeks from the grocery. What is this type of behavior an example of? A: Routinized Problem Solving B: Limited problem solving C: Extended problem solving 3. Aaron does research on several local colleges before applying to his first three choices. This is an example of: A: High – involvement purchase decision B: Low – involvement purchase decision Marketing Plans Reading: Contemporary Marketing: Chapter 2 + Ch. 2 Appendix Web sites: http://www.jpec.org/handouts/jpec33.pdf http://www.netmba.com/marketing/process/ Questions: 1. Strategies are designed to meet objectives...

Words: 8933 - Pages: 36