Free Essay

Mikroeconomics

In:

Submitted By Yamekrey
Words 799
Pages 4
Макроэкономикалық реттеу — экономиканы басқару тәсілі. Макроэкономикалық реттеу жалпы елдің экономикалық жүйесінің жұмыс істеуіне бағытталған. Макроэкономикалық реттеуде нарыққа қатысушылардың іс-қимыл ережелері белгіленіп, қажет болған жағдайда түзетулер енгізіліп отырады. Бұл мағынадағы нарықтық қатынаста макроэкономикалық реттеу мен шаруашылық жүргізуші субъектілердің өзін-өзі реттеуі ұштастырылады.

Макроэкономикалық реттеу экономикалық жүйені межеленген бағытта ұстауды көздейді және екі түрге бөлінеді: межелі бағыттан ауытқу бойынша реттеу және қайсыбір параметр жол беруге болмайтын мүшкіл деңгейге жеткенде реттеу. Бірінші жағдайда белгілі бір макроэкономикалық көрсеткіштердің белгілі бір кезеңге арналып межеленген бағдардан ауытқығаны байқалғанда мемлекет ахуалды түзету үшін шаралар қолданады. Мысалы, инвестицияның жетіспеуі себепті белгілі бір өндіріс тым қожырап, құлдыраған кезде жалпы өндірушілерге немесе тек инвестицияға ғана салынатын салықтың төмендетілуі, шетелден несие тартылуы, әлсіз кәсіпорындардың неғұрлым тиімді меншіктенушілерге жекешелендіріліп берілуі, өнімге сұранымның ынталандырылуы сияқты макроэкономикалық реттеу нұсқалары қолданылуы мүмкін. Екінші жағдайда келешекке арналған жоспарда әлеуметтік дүмпу қатерін төндіретін жұмыссыздықтың белгілі бір күйзелістік шектегі деңгейін белгілеуге және осы көрсеткішке жақындаған кезде жұмыспен қамтылуды арттыру мақсатында шұғыл шаралар (жаңа жұмыс орындарын ашқаны үшін кәсіпкерлерді көтермелеу, шағын бизнестің қалыптасуына көмектесу, т.б.) қолдануға болады. Реттеудің макроэкономикалық құралдарына салықтар, үлестемелер, фирмалардың рыноктағы әрекетін құқықтық реттеу, жалақы мен зейнетақы саласындағы шектеулер жатады. Ал нарықтық экономика жағдайындағы макроэкономикалық реттеудің негізгі құралдарына ақша саясаты құралдары (қайта қаржыландыру мөлшерлемесі, орталық банктің несиелік эмиссиясы, коммерциялық банктерге қойылатын сақтық қор талаптары, бағалы қағаздар рыногіндегі алыс-берістер), қазыналық саясат (тікелей және жанама салық салу, бюджет тапшылығын басқару), ұлттық валютаның айырбас бағамы саясаты (айырбас бағамы жүйесі, валютаның айырбас бағамы) жатады.

Экономиканы мемлекеттік реттеу мемлекеттік экономикалық саясаттың негізгі бағыты болып табылады. Экономиканы мемлекеттік реттеу - бұл ұлттық экономиканың тиімді әрі орнықты жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатындағы экономикалық, құқықтық және ұйымдастырушылық сипаттағы іс-шаралардың жиынтығын пайдалану. Бұл ретте мемлекет ұдайы өндіріс пропорцияларында прогрессивтік ілгерілеуді, адал бәсекелестік үшін қолайлы орта құруды қамтамасыз етуге, сонымен бірге экономика субъектілері заңнаманы сақтаған жағдайда нарықтық қатынастардың келеңсіз әлеуметтік және экономикалық салдарға жол бермеуге тиіс.

Көп жағдайда экономиканы мемлекеттік реттеуді мемлекеттің елдің экономикалық тыныс-тіршілігінің белгіленген объектілеріне ықпал ету әдістерімен теңестіреді.

Мемлекет ықпал ететін объектілерге экономиканың тікелей бастапқы буындары (әр түрлі меншік нысанындағы ұйымдар), нарықтың құрылымы, сондай-ақ нарықтық механизм қамтамасыз етпейтін немесе қанағаттанғысыз қамтамасыз ететін қоғамдық ұдайы өндірістегі жағдайлар, процестер мен қатынастар жатады. Мемлекеттің ең басты экономикалық функциясының бірі - халық әлеуметтік жағынан біршама тең болған жағдайда өндірушілердің, жеткізушілер мен өнімді (қызмет) тұтынушылардың арасындағы заңды әрі тиімді өзара қарым-қатынастар орнату мақсатында ұлттық экономика жұмыс істейтін нормативтік-құқықтық базаны құру.

Мемлекет реттеу объектілеріне ықпал еткенде нарықтық өзін-өзі реттеу мен мемлекеттік реттеуішті ұштастыру қарастырылады.

Мемлекеттік реттеуіш - бұл мемлекеттік биліктің нормативтік-құқықтық құжаттардың негізінде экономикалық қызметті реттеу жөніндегі әдістері мен құралдары. Мемлекеттік реттеуіштер елдің экономикалық міндеттерін (нарықтың құрылымына, фирманың іс-әрекетіне ықпал ету) шешуге де, сонымен бірге әлеуметтік мақсаттарға (әлеуметтік реттеуіш) қол жеткізуге бағытталуы мүмкін. Негізгі мемлекеттік реттеу құралына әлеуметтік жәрдемақы, санкция, стандарт, сертификат, лицензия, квота, ставка, тариф, норматив, салық, баж, банк пайызы жатады.

Мемлекеттік реттеудің келесідей түрлері бар:

• Шаруашылықты басқарудағы толық мемлекеттік монополизм;

• Нарықтық және басқа да экономикалық жүйелердің ұштасуының әр түрлі нұсқасы;

Экономиканы мемлекеттік реттеудің басты үлгілері:

• Адаптациялық үлгі – мысалы, АҚШ экономикасын реттеу үлгісі;

• Белсенділік үлгі, яғни Жапония мысалында.

Экономиканы мемлекеттік реттеудің негізгі әдістеріне тоқталатын болсақ:

1) Құқықтық реттеу – мемлекеттің тарапынан;

2) Өндіруші фирмалар және тұтынушылар үшін экономикалық қызмет тәртібінің белгіленуі жатады. Бұл жерде заң нормалары және ережелер жүйесі меншік формалары мен ережелерінің жүйесі меншік құқықтарын келісім-шарт жасаумен фирманың қызмет ету шарттарын кәсіподақтармен реттеп отыру;

3) Әкімшілік реттеу – лицензиялау, квота белгілеу шаралары жатады. Қазіргі кезде көбінесе әкімшілік реттеу қоршаған ортаны қорғау шараларымен айналысады.

4) Экономикалық әдістер нарықтық қатынастардың сипатынажәне ұлттық экономиканың шеңберінде нарықтық ортаға ықпал жасауға талап етеді. Бұл жиынтық сұранысқа, жиынтық ұсынысқа, капиталдың шоғырлану дәрежесіне әсер ету арқылы реттеу шараларын жүргізеді.

Ал экономиканы мемлекеттік реттеудің келесі бағыттардағы қызметтері кең тараған:

• Ұлттық қорғаныс;

• Фундаменталды ғылым;

• Космостық зерттеулер;

• Денсаулық сақтау;

• Қала құрылысы, заводтар салу;

• Мемлекеттік несиелендірудің пайыз қойылымын, тауарлардың сапасын реттеу;

• Ресурстарды тиімді бөлу мен ұтымды пайдалану;

• Монополияға қарсы тұру, бәсекені қолдау шаралары;

• Жұмыссыздықтықтың орын алуын, инфляция, сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігінің бұзылып отыруын реттеп отыру;

• Әлеуметтік мәселелер мен қоршаған ортаның ластануын реттеу.

Экономиканы мемлекеттік реттеудің мақсаттары келесідей:

• Жалпы экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету;

• Шаруашылық қызметтің кординациясын дамыту;

• Бәсекелік ортаны барынша қолдау.

Осыдан барып келесі төрт көрсеткіш шығады:

1) Экономикалық өсім;

2) Жұмысбастылықтық жағдайы мен деңгейі;

3) Бағаның тұрақтылығы;

4) Сыртықы экономикалық тепе-теңдік.

Экономиканы мемлекеттік рететуде негізгі субъект мемлекеттің өзі болып табылады, ал реттеу объектісі экономиканың әлсіз және реттеуді қажет ететін салалары мен аумақтары.

Экономиканы мемлекеттік реттеуде нарықты реттеудің әдістерін келесідей жіктеуге болады:

Сурет- 1 – Экономиканы мемлекеттік реттеудің әдістері

1-ші суреттен көріп отырғанымыздай тікелей реттеу шаралары неғұрлым әкімшілік сипат алады да, ал жанама реттеу әдістері экономикалық сипат алады. Енді осы экономиканы рететудің нарықтық экономикада маңызды болып табылатын әдістеріне жекелеп тоқталып өтсек.

-----------------------
Жанама реттеу

Тікелей реттеу

Экономиканы индустриалды-инновациялы реттеу

Ресурстарды пайдалану шарттары мен ақысын реттеу шаралары

Баға мен табысты реттеу

Орталықтандырылған күрделі қаржы жұмсау

Лимиттерді бекіту

Мемлекеттік сатып алу немесе тапсырыстар жасау

Амортизациялық саясат

Ақша -несие саясаты

Салық саясаты

Similar Documents