Free Essay

Kazakh

In:

Submitted By zhadilova
Words 2110
Pages 9
1 тақырып: “1. Макроэкономиканың пәні. ”

Жоспар:
1.Макроэкономика – экономикалық теорияның бөлімі ретінде
2.Макроэкономикалық талдаудың әдістері мен принциптері
3. Макроэкономиканың негізгі субъектілері
4.Макроэкономикадағы айналым үлгілері

1. Макроэкономика – экономикалық теорияның бөлімі ретінде

Макроэкономика – ұлттық экономиканың қызметін біртұтас жүйе ретінде қарастырып зерттейтін ғылым, экономикалық теорияның негізгі бөлімі.
Экономикалық теорияның барлық бөлімдеріне ортақ бірыңғай ұғымдық аппараты бар, бірақ ол әртүрлі теория құбылыстарын талдау үшін пайдаланылады.
Макроэкономика жалпы экономикалық теорияға тән ұғымдық аппаратты пайдаланады, алайда ол себеп-салдарлық емес функционалдық байланыстарды қарастырады.
Макроэкономика экономикалық теорияның өзге де бөлімдері: жалпы экономиялық теориямен және микроэкономикамен тығыз байланысты.
Микроэкономика сияқты макроэкономика экономикалық субъектілердің іс-әрекетінің қисынын зерттейді, бірақ микроэкономикадан ерекшелігі – ол бұл іс-әрекеттерді тәптіштеп жатпайды, барлық субъектілер іс-әрекетін нақты бір экономикалық субъектінің іс-әрекеті көрінісі ретінде қарастырады.
Экономика ғылыми бағыт ретінде ертеден белгілі. Макроэкономика – экономикалық теорияның ХХ ғасырдың 30 жылдарында ғана пайда болған жас бөлімі. Макроэкономика бастауында ағылшын экономисі, мемлекеттік қайраткері, көсем сөзші Джон Мейнард Кейнс (1883-1946) тұрады. 1936 ж. оның кейнстік негізгі ережелері мен принциптері тұжырымдалған басты еңбегі – «Жұмыспен қамтылудың, пайыз және ақшаның жалпы теориясы» атты кітабы жарық көрді. Кейнстің бұл еңбегінің маңызы өте зор болғаны соншама, экономикада “Кейнстік революция” термині және кейнстік макроэкономикалық үлгісі пайда болды.
Макроэкономиканың дамуына төмендегідей бірқатар жағдайлар әсерін тигізді: * Ұлттық есептеу көрсеткіштері – жалпы ішкі өнім (ЖІӨ), ұлттық табыс (ҰТ), жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ), т.б қолданылған статистикалық зерттеулердің жаппай таралуы; * Дағдарыс жылдары көрсеткеніндей, нарықтық экономикада экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз етуге қабілетті өзін-өзі реттеу механизмі жоқ екендігіне көз жетуі; * Эмпирикалық зерттеулер нәтижесінде экономиканың дамуы циклді екендігі және осы циклділікті тегістеу үшін тиісті шараларды жүзеге асыру қажеттігінің дәлелденуі.
Д.М. Кейнстің негізгі идеялары төмендегідей: * Жиынтық сұраныс жиынтық ұсыныстан көп. Өндірісте жұмыспен қамтылу жиынтық сұранысқа, ал өндіріс көлемі жұмыспен қамтылуға тәуелді; * Жұмыспен қамтылу және экономиканың тұрақты дамуы проблемаларын шешуге қабілетті нарықтық механизм жоқ, сондықтан мемлекет тарапынан реттеу қажеттілігі туындайды; * Экономикаға эмердженттілік (біртұтас экономикалық жүйенің өзіне тән қасиеттері мен белгілерінің оның жекелеген элементтерінің қасиеттерімен сәйкеспеушілігі) тән. Мысалы, «үнемділік оғаштығы» - экономикаға инвестицияланбайтын жинақ қоры, жұмыспен қамтылудың және табыстың төмендеуіне, ал бұл түптеп келгенде жинақ қорының төмендеуіне алып келеді.
Макроэкономика курсында қаралатын түйінді мәселелер қатарына мыналар жатады: 1. ұлттық нарық қызметінің ерекшеліктерін зерттеу; 2. тұрақты экономикалық өсу заңдылықтарын зерттеу; 3. инфляция, дефляция және жұмыссыздықтың өзара әсерін зерттеу; 4. экономиканың ақшалық және нақты секторларының өзара әсерлестігіне талдау жасау; 5. экономикалық дамудың циклділігінің әрқилы құбылыстарын ашып көрсету; 6. ұлттық және шетелдік нарықтар әсерлестігін ашып көрсету; 7. мемлекеттің макроэкономикалық саясатының тиімділігі мен нәтижелілігінің теориялық негіздерін анықтау және оның әрекет ету салдарына баға беру.
Бұл проблемаларды шешу жолдары макроэкономикалық теорияның әртүрлі бағыттарының өкілдері үшін әрқилы. Мысалы, кейнстік бағыт, классиктер, неокейнстіктер және неоклассиктер бағыттары бар.
Классикалық мектеп – еркін нарықтар экономиканы тепе – теңдікке (яғни толық жұмысбастылық пен ресурстарды тиімді бөлуге) өздері алып келеді, сондықтан мемлекет тарапынан ешқандай реттеу қажеттілігі керек емес деп ұйғарды.
Кейнс мектебі – экономикада баға икемсіздігінің (қатаңдығының) болуы және соның салдарынан нарық механизмінің макроэкономикалық тепе – теңдікті өздігінен орната алмауы мемлекет тарапынан тұрақтандыру саясаты түріндегі реттеуді қажет ететінін түсіндіреді.
ХХ – ғасырдың 70 – ші жылдарында жаңа мәселе: стагнация мен жоғарғы деңгейдегі инфляцияның қосарласуы пайда болды. Осыан байланысты ақпараттар асимметриясы және экономикалық агенттердің күтімі сияқты неоклассиктер (жаңа классиктер) теория бағыты осы мәселелерді зерттеді.
Микроэкономикалық іс - әрекеттер үлгісіне негізделген неокейнстіктер (жаңа кейнсшілдер) бағыты да макроэкономикада маңызды орын алады.

2. Макроэкономикалық талдаудың принциптері мен тәсілдері.

Макроэкономикалық теорияның екі түрі бар: * позитивті макроэкономика (нақты көріністерін сипаттап, олардың өзара әсерін зерттейді); * нормативті макроэкономика (қандай құбылыс қажетті немесе қажетсіз екендігін анықтайды);
Алға қойған мақсатына қарай макроэкономика бірқатар әдістер мен құралдарды қолданады.
Макроэкономиканың негізгі мақсатына жататындар: * ұлттық табыстың жоғары және өскелең даму деңгейіне қол жеткізу; * жұмыспен жоғары деңгейде қамтушылық; * баға деңгейінің тұрақтылығы немесе баяу өсуі.
Макроэкономика негізгі мақсатына жету үшін бюджет-салық, ақша-несие, сыртқы экономикалық сауда саясаты және табыс саясаты құралдарын пайдаланады.
Бюджет-салық саясаты экономикаға әсер ету мақсатымен салықтар мен мемлекеттік шығындарды қолдануға негізделген.. Мысалы, салық салу үй шаруашылығына тиесілі табысты қысқартады, халық тауар сатып алуға және қызмет үшін төлейтін ақыны аз жұмсайды, жиынтық сұраныс азайып, ЖІӨ көлемі қысқарады.
Ақша-несие саясаты экономиканы ақша, несие және банк жүйесі арқылы реттеуді жүзеге асырады.
Сыртқы экономикалық саясат – халықаралық сауда құрамының бөлімі ретінде экономикалық өсуді ынталандырып, өмір сүру деңгейін көтереді. Сыртқы сауданың басты көрсеткіші таза экспорт (сыртқа шығарылатын және әкелінетін тауарлар құны арасындағы айырым) болып табылады.
Сауда саясатының құралдарына экспорт пен импортты күшейтетін немесе шектейтін тарифтер мен квоталар жатады.
Табыстар саясаты еңбекақы мен бағаны бақылау арқылы инфляцияны тежеуге бағытталған.
Макроэкономика экономикалық теорияда қолданылатын жалпы әдістерді: ғылыми абстракциялау, талдау және синтез, тарихи және логикалық көзқарастар, жүйелі функционалдық талдау, экономикалық-математикалық үлгілеу, нормативтік және позитивтік көзқарастарды пайдаланады. Ал бұл әдістерді қолдану ерекшелігін макроэкономиканың негізгі арнаулы әдісі – біріктіру әдісі (агрегирование) анықтайды. Біріктіру әдісі неғұрлым ортақ жалпылама көрсеткішке қол жеткізу үшін біртектес көрсеткіштерді біріктіреді. Біріктіру әдісін қолдану экономиканы тұтас қарастыру қажеттілігін білдіреді.
Біріктіру принципі мына жағдайда қолданылады: * экономикалық субъектілер - экономиканың қызметінде атқаратын ролінің негізінде ерекшеленіп, өздері біріктірілетін шама болып табылады. Бұлар: үй шаруашылығы, фирмалар, мемлекеттер, шетелдік секторлар; * зерттелетін нарықтар – тауарлар және қызмет көрсету нарығы (тауар шығаратын немесе қызмет көрсететін әртүрлі экономикалық субъектілердің байланыс жүйесі), ақша нарығы (нарықты ақша активі құндылығымен қамтамасыз ету), бағалы қағаздар нарығы (жинақ қорын инвестицияларға аудару), еңбек нарығы (сұраныс пен еңбек ұсынысының әрекеттестігі, жұмыспен қамтылу, жұмыссыздық проблемасын шешу), валюта нарығы (ұлттық валютаны сату және сатып алу нарығы).
Макроэкономикада барлық нарықтар жүйесі теориялық абстракциялауды білдіретін үлгілер көмегімен зерттеледі. Үлгілерде екі параметр топтары: экзогенді (үлгі құрылу сәтіне дейін де белгілі) және эндогенді (үлгіге талдау жасау барысында анықталуға тиісті) параметрлер пайдаланылады.
Үлгілер құру жоғарыда аталған параметрлер арасындағы өзара байланыстар мен өзара тәуелділіктерді сипаттаудан тұрады. Барлық үлгілер былайша жіктеледі: * мерзім факторына орай: қысқамерзімдік және ұзақмерзімдік; * байланыс дәрежесіне орай: жабық (тұйық ұлттық экономика) және ашық (сыртқы байланыстар); * үдерісті анықтайтын фактор ретінде уақытты есептеу: статикалық немесе динамикалық.
Үлгілеу кезінде тәуелділіктің төрт түрі қолданылады: 1. ұғымның мазмұны мен құрылымын білдіретін дефинициялық (мысалы, жиынтық сұраныс функциясы):
AD = C + I + G + Хn мұнда, AD – жиынтық сұраныс, С – үй шаруашылығы сұранысы, І – инвестициялық сұраныс, G – мемлекет сұранысы, Хn – шетел секторының сұранысы (таза экспорт). 2. Экономикалық субъектілер іс-әрекетінің логикасын білдіретін іс-әрекеттік (мысалы, тұтыну функциясы):

С = C’ (Y),

мұнда, С – тұтыну функциясы, C’ – тұтынуға шекті бейімділік, Y – қолда бар табыс. 3. Өндіріс факторлары мен олардың нәтижелері арасындағы байланысты белгілейтін, экономика дамуының деңгейін көрсететін технологиялық (мысалы, өндірістік функция):

Y = f (K,L,N),

мұнда, Y - өнім көлемі, K,L,N - өндіріс факторлары. 4. Экономикалық көрсеткіштер мен экономикалық қызметті реттейтін мемлекеттік институттар арасындағы байланысты көрсететін институционалдық (мысалы, салықтар функциясы):

T = t*Y,

мұнда, Т – салықтан түсетін сома, t – тиісті институт белгілейтін салық мөлшерлемесі, Y – табыс.

Көптеген экономикалық міндеттердің шешімі уақытты түрде шешім қабылдауға байланысты (бүгінгі және болашақтағы құндылықтар арасында таңдау жасау). Экономикада күту ұғымының маңызы зор. Күтудің екі тобы болады: ex post және ex ante. Ex post күтуі өткеннің тәжірибесін ескереді, ex ante күтуі экономикалық субъектілер ниетіне болжалдық, жоспарлық баға береді.
Еx ante күтуі туралы ғылыми түсініктің дамуы келесідей үш теорияны қалыптастырады: * статистикалық күту (субъектілер елдегі жағдай өткен уақытпен салыстырғанда өзгермейді деп есептейді); * бейімделе күту (экономикалық субъектілер өткеннің қатесінен сабақ алып, қорытынды шығара отырып, күтуге түзетулер енгізеді); * тиімді күту (экономикалық субъектілер өткеннің қатесін ескеріп, бүгінгі күн оқиғалары параметрлеріне түзету енгізіп қана қоймай болашаққа да көз жіберіп, оқиғаға экономикалық баға берудің болуы мүмкін салдарын ескеруге тырысады).

3. Макроэкономикада төрт экономикалық субъектілер болады: үй шаруашылығы, фирмалар, мемлекет және сыртқы экономикалық сектор (шетел секторы).

Үй шаруашылықтары (households) – бұл экономикалық іс - әрекеттерінің мақсаты пайдалылықты жоғарғы деңгейге жеткізу болып саналатын дербес макроэкономикалық агент. Олар экономикада экономикалық ресурстардың (еңбектің, жердің, капиталдың және кәсіпкерлік бейімділіктердің) меншік иелері болып саналады. Үй шаруашылықтары экономикалық ресурстарды сату арқылы табыстар табады және оның басым бөлігін тұтыну шығындарына жұмсайды, сондықтан экономикада тауарлар мен қызмет көрсетулерді сатып алушы басты субъект болып есептеледі. Үй шаруашылықтары табыстарының қалған бөлігін жинақтайды, сол себептен ол негізгі жинақтаушы немесе несие беруші болады, яғни экономикадағы негізгі несие құралдарын ұсынуды қамтамасыз етеді. Фирмалар (business firms) – бұл экономикалық іс - әрекеттерінің мақсаты пайдасын ең жоғарғы деңгейге жеткізу болып есептелетін дербес макроэкономикалық агент. Фирмалар экономикада экономикалық ресурстарды сатып алушылар болады, және олардың көмегімен өндіріс үдерістерін қамтамасыз етіп, тауарлар мен қызмет көрсетулердің басты өндірушілері болып есептеледі. Өндірілген тауарлар мен қызмет көрсетулерді сатудан түскен түсімдерді фирмалар үй шаруашылықтарына факторлар үшін төлейді. Өндірістік процесстерді ұлғайтуға, капитал қорының өсуін қамтамасыз етуге және капитал тозуығының орнын толтыру үшін фирмаларға инвестициялық тауарлар (ең бірінші құрал – жабдықтар) қажет, сондықтан фирмалар инвесторлар болып саналады, яғни инвестициялық тауарлар мен қызметтерді сатып алушылар болады. Осыған байланысты фирмалар өз инвестициялық шығындарын қаржыландыру үшін несие құралдарын пайдаланады, яғни олар экономикада басты қарыз алушылар болады, яғни несие құралдарына сұраныс құраушылар болады.
Үй шаруашылықтары мен фирмалар экономиканың жеке секторын құрайды.
Мемлекет (government) – экономикалық үдерістердің жүру барысында әсер етуге, экономиканы реттеуге, саяси және заңды құқықтары бар мемлекеттік ұжымдар мен мекемелердің жиынтығы. Мемлекет – бұл дербес, оңтайлы жұмыс істейтін макроэкономикалық агент, оның басты міндеті – нарық құлдырауын (market failures) жою және қоғамдық әл – ахуалды ең жоғарғы деңгейге жеткізу. Ол экономикада : а) қоғамдық игіліктерді өндіруші; ә) мемлекеттік сектордың жұмысын және оның көптеген функцияларын орындауды қамтамасыз ету үшін тауарлар мен қызмет көрсетулерді сатып алушы; б) ұлттық табысты қайта бөлуші (салық жүйесі мен трансферттер арқылы); в) мемлекеттік бюджеттің жағдайына қарай – қаржы нарығында несие беруші немесе қарыз алушы болады. Бұдан басқа мемлекет нарықтық экономикагың қызмет істеуін ұйымдастырушы және реттеуші ролін де атқарады.
Ол экономиканың қызмет істеуінің институционалдық негіздерін құрады және қамтамасыз етеді (салық жүйесі, қауіпсіздендіру жүйесі, сақтандыру жүйесі және т. б.); ақша эмиссиясына монополиялық құқығы болғандықтан елдегі ақша ұсынысын бақылайды және қамтамасыз етеді; макроэкономикалық саясат жүргізеді.
Жеке және мемлекеттік секторлар жабық экономиканы құрайды.
Шетел секторы (foreign sector) – бұл әлемдегі басқа елдерді біріктіретін және оңтайлы іс - әрекет жасайтын дербес макроэкономикалық агент. Ол осы берілген елмен төменде келтірілгендер арқылы қарым – қатынас жасайды:
а) халықаралық сауда (тауарлар мен қызмет көрсетулерді экспорттау мен импорттау);
ә) капиталдар қозғалысы ( капитал, яғни қаржылар активтерінің импорты мен экспорты).
Жоғарыда айтылған секторларға шетел секторын қосатын болсақ, онда экономиканы ашық экономика деп атаймыз.
Нарықтарды біріктіру (агрегирлеу) 4 макроэкономикалық нарықты бөліп көрсету мүмкіндігін береді:
а) тауарлар мен қызметтер нарығы (нақты нарық);
ә) қаржы нарығы (қаржы активтерінің нарығы);
б) экономикалық ресурстар нарығы;
в) валюта нарығы.

1.4. Макроэкономикадағы айналым үлгілері

Экономикалық субъектілер арасындағы байланыстар жүйесі айналым үлгілерінде көрініс табады. Үш айналым үлгісі бар: мемлекет қатыспайтын жабық үлгі, мемлекет қатысатын жабық үлгі және шетелдік сектор қатысатын ашық үлгі.
Мемлекет қатыспайтын жабық үлгі игіліктер, еңбек, қаржы нарығында фирмалар мен үй шаруашылығы арасындағы байланысты бейнелейді (1.1 сурет).
Еңбек
нарығы
Игіліктер
нарығы
Қаржы
нарығы
Үй шаруа-шылықтары

Фирмалар

* – сурет. Жабық экономика үлгісі

Төмендегі жағдайларда экономика тепе-тең жағдайда болады: 1. Y = C + I , мұнда, Y – ұлттық табыс, С – тұтыну шығындары, І – инвестиция шығындары; 2. Ін = Іж , мұнда, Ін – нақты инвестициялар, Іж – жалпы инвестициялар; 3. S = I, мұнда, S – үй шаруашылығының жинақ қоры (табыс пен тұтыну шығындары арасындағы айырма).
Теңсіздік болған жағдайда ақша көрсеткіштерінің ағыны мөлшерін сипаттайтын атаулы шамалар өзгеріске ұшырайды: 1. егер C + I тұтыну және инвестиция шығындары ұлттық табыс (Y) көлемінен көп болса, экономикалық жүйеде тапшылық пайда болады; 2. егер шығындар (С + I) табыстан (Y) аз болса, онда экономикада қор жиналады; 3. егер Ін = Іж теңдігі орындалмаса, теңсіздік пайда болады.
Сондықтан макроэкономикалық субъектілер теңдеуі төмендегідей болады: үй шаруашылығы: Y = C + S; фирмалар: Y = C + I

Мемлекет қатысатын жабық үлгі төмендегідей жағдайларда мемлекеттің экономикаға араласуын көрсетеді:
а) салық жинау (Т) және әлеуметтік төлем-трансферттерді (ТR) жүзеге асыру;
ә) игіліктер нарығында (G) сатып алулар;
б) айналыстағы ақша санын реттеу;
Таза салық пен мемлекеттік шығын арасындағы айырма мемелекеттің жинақ қорын құрайды: Sg = T – G
Егер жинақ қор теріс сан болса, мемлекеттік қарыз (мемлекеттік бюджет тапшылығы) пайда болады, олар ақща нарығында немесе бағалы қағаздар нарығында мемлекеттік займ есебінен жабылуы мүмкін.
Мемлекеттің айналымға қатысуы экономикалық субъектілер теңдігін мына түрде өзгертуі мүмкін: үй шаруашылығы үшін: Y = C + Т + S; фирмалар үшін: Y = C + I + G; мемлекет үшін: Y = Т + S.
Ашық экономика өзге субъектілермен экспорт / импорт арқылы әрекеттеседі: Ex – Im = NE – таза экспорт, мұнда, Еx – экспорт, Im – импорт.
Егер Ex Im болса, онда шетел капиталынан қарыз алу болады, таза капиталдың экономикаға ағылуы болады. Ал шетел қарыз алушыларына несие берген кезде және нақты немесе қаржылық активтер сатып алынғанда жылыстау басталады.
Экономикалық субъектілер бюджеті мына түрде болады: үй шаруашылығы бюджеті Y = C + Т + S; фирма бюджеті Y + Im = C + I + G + Ex; мемлекет бюджеті G = Т + (G – T), мұндағы (G – T) – бюджет тапшылығы; шетел бюджеті Im = Ex + (Im – Ex), мұндағы (Im – Ex) – сауда балансының қалдығы.

экспорт (Ex)
Фирмалар
Шетел секторы
Тауарлар мен қызмет көрсетулер нарығы
Мемлекет
Қаржы нарығы
Экономикалық ресурстар нарығы
Үй шаруашылықтар

импортм(Im) сатудан түсім

тұтыну шығындары (С) инвестициялық шығындар (І) госзакупки (G)

салықтар (Tx) салықтар (Tx)

трансферттер (Tr) субсидиялар (Tr) қарыз (егер бюджет дефициті жинақтар (S) болса) инвестициялық капитал ағылуы құралдар (егер Im>Ex)

табыстар шығындар

1.2. – сурет. Шығындар айналымының толық тізбесі

Қорытынды 1. Макроэкономика – ұлттық экономиканы біртұтас бірлік ретінде қарастырып зерттейтін экономикалық теорияның негізгі бөлімі. 2. Макроэкономика келесідей түйінді мәселелерді қарастырады: экономикалық өсу (құлдырау), инфляция, жұмыссыздық. 3. Макроэкономика позитивті және нормативті болып бөлінеді. 4. Макроэкономикада барлық нарықтар жүйесі теориялық абстракциялауды білдіретін үлгілер көмегімен зерттеледі. 5. Экономикада “күту” ұғымының маңызы зор және ол: ex post және ex ante болып бөлінеді.

Similar Documents

Free Essay

Kazakh History

...Kazakh identity is of medieval origin and was strongly shaped by the foundation of the Kazakh Khanate between 1456 and 1465, when several tribes under the rule of the sultans Janybek and Kerey departed from the Khanate of Abu'l-Khayr Khan. Most Kazakhs are Sunni Muslims. Kazakhs were one of the nations most severely affected by the Soviet famine of 1932–33, with 37% of the total population dying. he Kazakhs probably began using this name during either the 15th or 16th centuries. There are many theories on the origin of the word Kazakh or Qazaq. Some speculate that it comes from the Turkish verb qaz (to wander), because the Kazakhs were wandering steppemen; or that it derives from the prototurkic word khasaq (a wheeled cart used by the Kazakhs to transport their yurts and belongings) Language the Kazakh language is a member of the Turkic language family, as are Uzbek, Kyrgyz, Tatar, Uyghur, Turkish, Azeri, Turkmen, and many other living and historical languages spoken in Eastern Europe, Central Asia, Xinjiang, and Siberia. Kazakh was written with the Arabic script during the 19th century, when a number of poets, educated in Islamic schools, incited revolt against Russia. Russia's response was to set up secular schools and devise a way of writing Kazakh with the Cyrillic alphabet, which was not widely accepted. By 1917, the Arabic script was reintroduced, even in schools and local government. In 1927, a Kazakh nationalist movement sprang up but was soon suppressed. At...

Words: 1356 - Pages: 6

Free Essay

Unreached People Group - Mongolian Kazakhs

...LIBERTY THEOLOGICAL SEMINARY “Unreached People Group: Kazakhs of Mongolia” A Paper Submitted to
Dr. Neal H. Creecy
in partial fulfillment of the requirements for completion of GLST 500 Global Studies Survey By Ryann S. Ruckman Dec. 9, 2013 Table of Contents Introduction………………………………………………………………………..3 Kazakhs of Mongolia Background Information………………………………..4 History………………………………………………………………………4 Language…………………………………………………………………..5 Social Structure……………………………………………………………6 Culture………………………………………………………………………7 Economy……………………………………………………………………7 Religion……………………………………………………………………..8 Survey of Missions Work……………………………………………………….11 Church Status………………………………………………………….....11 Known Believers………………………………………………………….12 Challenges……………………………………………………………......13 Present Strategies…………………………………………………....….14 Proposed Strategy………………………………………………………..…….15 Accessing the Country…………………………………………………..15 Discipleship and Church Planting Strategy…………………………...16 Conclusion……………………………………………………………………....18 Bibliography…………………………………………………………………......20 Figures – Physical Map of Bayan-Ulgii, Mongolia…………………………..3 Introduction The Kazakhs of Mongolia are a people untouched by the gospel fire and the redeeming love of Jesus Christ. The Kazakh’s of Mongolia are the largest ethnic minority group in Mongolia, numbering over 100,000 and mainly live in the western province of Bayan Ulgii. These nomadic people migrated from their homeland of Kazakhstan and are a people rooted...

Words: 4824 - Pages: 20

Free Essay

Upbringing Children in Kazakhstan

...Every nation is rich in ancient culture. And in this most sacred wealth of folk wisdom, which is passed from mouth to mouth. Kazakh nation rich in its customs, traditions, poetry and musical creativity: aytys, bard, edifying words. That just did not survive the people, no matter how thorny his way, though he did not lose the collected bits of old culture and folk wisdom. The mentality of the Kazakh people is based on the trilogy in language, memory and culture as sung in the songs. The people paid special attention to education of the young generation. From an early age they pawned a sense of patriotism, love of country, respect for elders, support youth. The role of grandparents in the upbringing, which, pampering and loving grandchildren, telling them stories, legends, true story of the brave men, bis, and thus is born in them a sense of imitation, love of work empathy, responsibility, morality. A grandfather required knowledge by heart seven generations of ancestors, in order not to spoil the blood. People brought up children, gradually accustomed to labor, to the subsequent generation of grown-up have taken care of the elders. The environment also influenced the formation of the person, so the children were taught to choose the right friends. If there are not good friends, then parents try to save their child. And one of the important aspects in the education of every child is the desire to achieve the goal. Mistakes senior strictly pointed at them, but they are also gently...

Words: 1056 - Pages: 5

Free Essay

International Business: Uzbekistan and Kazakhstan

...Introduction As it’s known from the passed course, International business is based on the possibility of benefit from the advantages of cross-national business operations, that is, from the fact that the sale of certain goods in another country, or establishing the production of the firm based in one country in the other one, ensure the high benefits to the involved business parts than they would have had, running business only in their countries. In this work apart from the general integral summery of each of the sectors needed to study, also the history and specific features of the relationship between the Republic of Kazakhstan and the Republic of Uzbekistan are presented to fully understand the competitive advantages and to adequately assess the risks of doing business in the Republic of Uzbekistan. As of today, the relationships between the Republics are legally regulated. The main document regulating the relations between the two states is the Treaty on Eternal Friendship between the Republic of Uzbekistan and the Republic of Kazakhstan dated 31 October 1998.Juridical base of cooperation between the two countries is composed by 116 interstate, intergovernmental and interdepartmental documents, which cover almost all spheres of life. Only in trade and economic cooperation 68 documents are signed, including agreements of free trade, promotion and reciprocal protection of investments, avoidance of double taxation, etc. Economics Despite a significant decline in the...

Words: 2685 - Pages: 11

Free Essay

How Changes in Kazkhstani Society Are Reflected in Music

...ID: 20090932 Course: Introduction to Music Instructor: Shirin Mussayeva Date: July 4 How changes in Kazakhstani society are reflected in music? Music is a mirror of the society. As society changes so does its music. 20 years have passed as Kazakhstan became an independent country. Changed not only the country but its people who became more patriotic, confident and modern. They started talking about those things that had not talked for years, they started singing about those problems they have and things they desire. This was reflected in our music, which is changing year by year. I want to talk about our contemporary music, positive and negative issues, how changes and development of our country and its society influenced music. I do not think that Kazakhstani modern music is at the peak of popularity. However, more artists appeared on the scene, more songs appeared on the television and the radio, and we start listening to it. If earlier we tried to imitate western performers, now we have own opinion, dreams and desires. Our songs have become more special and individual. The reason of this is development of our country. We start living better; we have more opportunities and perceptions. People feel it and try to reflect their sense of patriotism and gratitude in their songs. One of the famous patriotic songs which I like is “Moi Kazakhstan” in which Kazakhstani pop stars like A-Studio, Ivan Breusov, Makpal Isabekova start singing with words: “Здравствуй столица-это...

Words: 1241 - Pages: 5

Free Essay

Problem in Your Home Country

...problem with their native language. In these countries most people do not speak on their mother language. Unfortunately, Kazakhstan is one of these countries. There are two main reasons why Kazakh people do not know Kazakh language. The first reason is that new generations do not even know Kazakh language because of impact older generation over younger. They basically use Russian language in everyday life. That is consequence of the fact that Kazakhstan is post Soviet Union country. Nowadays there are small amount of young people who speak Kazakh fluently. That is why, Kazakh language may become a dead language. For example, parents speak with their children in Russian. In addition, children listen to music, read books, and watch television in Russian language. In other words, they have more practice in order to improve Russian language. Under the circumstances, the Kazakh language is remains unnecessary, and unused among the younger generation. The second reason is that in Kazakhstan demand of education in Russian language is higher than in Kazakh language. That is to say, most parents choose education in Russian language for their children. The reason why demand of education in Russian language is higher than in Kazakh is because Russian language was developing over centuries, while in Kazakh language started developing from the end of 20s century. Also, in 1990s USSR was the third in the world of level of education according to UNESCO. Thus, parents who care about future of...

Words: 423 - Pages: 2

Premium Essay

Kazakh Culture

...Kazakh culture is changing for the better In ancient times, music was likely to play the essential role in knowledge and understanding of the world, however, for the Kazakh nation the world itself was musically designed and structured. According to A, music reflects a way of thinking of the nation that created it, its mentality, world perception, painting the conceptual world model through the system of their values and associations. The nomadic culture drastically differs on ideological characteristics and life parameters from both the Western and Eastern cultures. In times of Soviet Union, Kazakh culture underwent considerable changes. The ideology of Soviet Union became the reason of assimilation of cultures, as a consequence, the previous...

Words: 836 - Pages: 4

Premium Essay

Kazakh Wedding

...Kazakh wedding Thinking and mentality of people are changed, but habits and traditions of people are not changed. Nowadays there are people who honor and esteem the habits of their ancestors. Kazakh people are not exception. They always had their established traditions and customs of wedding ceremonies. Matchmaking (Kuda tusu) is the most interesting and unusual of all pre-wedding traditions. Groom’s father and the most honorable relatives go to the bride’s home. Generous and holiday table is served, everybody talk about different themes and complement friendly atmosphere by jokes. Later the main theme – kalym is discussed. Groom’s parents give money to buy furniture and bride’s parents must buy bedding, dishes, utensils, etc. “Kyzyzatu” – farewell with girl. The girl is usually seen off in the morning. Sunrise is the symbol of a new day and a new life. The religious part of the Kazakh wedding ceremony is called Neke Qiyu (Kazakh: Неке Қию). The wedding process may take many weeks and even months to complete. This is because a Kazakh marriage, like marriages in most Muslim societies, involves a contract between families which requires negotiation. The Neke Qiyu is a small portion of the whole, and usually takes about a half an hour to complete. The Neke Qiyu usually takes place on the evening of the day the bride is revealed to her groom's family. This festive ceremony is called betashar (Kazakh: Беташар) or "revealing of the face." After she shows respect to her groom's family...

Words: 582 - Pages: 3

Premium Essay

Essay On Kazakh Culture

...From the words of former Minister of Education, Mukhtar Kul-Mukhamed in times of USSR Monarchy and up to recent years, an opportunity to express ideas and thoughts in is considered a sign of backwardness, and in addition it regards as the ignorance of the Russian language. All efforts to demolish these negative stereotypes and alter the notion that knowledge of the Kazakh language, turning it to the feature of success, freedom, perfection and professional advantages. However, the law of the Republic on Languages in Article 4 put priorities on Kazakh language as follows, ‘the state language of the Republic of Kazakhstan shall be the Kazakh language. The state language shall be the language for state management, legislation, legal proceedings and office work, functioning in all relations in the entire territory of the state. The duty of each citizen of the Republic of Kazakhstan shall be mastering of the state language, being the major factor in consolidating the people of Kazakhstan.’ In reality, the minority of people in Kazakhstan socialize in Kazakh, among them rural dwellers, living in remote areas and...

Words: 773 - Pages: 4

Free Essay

Khrushchevs Economic Reforms

...Khrushchev’s economic reforms failed because they were poorly thought through”. Assess the validity of this view (45 marks) “Khrushchev had grasped the nettle. He also exhibited a characteristic recklessness. The road ahead would be rockier than he expected, for he over estimated ordinary people’s gullibility. In a sense the whole of later Soviet history may be seen as a reaction to his revelations.” J. Keep. After emerging victorious in the power struggle following Stalin’s death, Khrushchev was in a very strong position, but not yet an unchallengeable leader. Khrushchev wanted to move away from the Stalinist era and was aware that there was a desire for change in the USSR. He had accepted some of the fundamentals of Stalinism, such as the dominance of the party, however he wanted to shift to blame for past errors onto Stalin. Khrushchev believed that economic reform was necessary and wanted to encourage initiative. He also wanted to avoid opposition and not give his rivals the opportunity to strike against him. He was an ambitious politician, and aimed convince the Soviet people that they no longer had to fear arbitrary terror, while preserving the basic structure and ideology of a socialist state. This was the background to his speech at the 20th The Party Congress in February 1956. Khrushchev's main reforms were to increase agriculture and make it more efficient and in industry he wanted to turn focus from heavy industry to consumer good, making the workers life better...

Words: 1019 - Pages: 5

Free Essay

Kazahstan

...was written by Fabio Belafatti, and originally published by our knowledge partner "Equilibri" at the following address: http://www.equilibri.net/nuovo/sites/default/files/focus_belafatti_china%20kazakhstan.pdf The “Kazakh path” (with its contradictions) and Kazakh-Chinese relations In recent years Kazakhstan has become an important actor in regional international relations in Central Asia. The country's improvements have been underscored by international observers in many occasions. It is undeniable that compared to the rest of the region, Kazakhstan shows much higher levels of development. In purely macroeconomic terms, Kazakhstan’s economy is the largest in Central Asia and has shown very high growth levels for many years, recovering very fast when hit by the world economic crisis. In broader terms, Kazakhstan’s success is underscored by the fact that it is the only country in the region to be ranked among states with a high level of Human Development. Behind these praises, however, there seems to be a well-coordinated effort by Kazakhstan and, often, its European partners to boast about the country's achievements, carefully ignoring its problems. Western journalists seem sometimes to be willing to indulge in uncritical praising of the “Kazakh path”, but the country...

Words: 3354 - Pages: 14

Free Essay

Kazakhstan Report

...nation that would now be developing, being so close it made sense for them to emigrate from Russia into Kazakhstan. Even though Russian is the largest demographic of immigrants in Kazakhstan, the country has a wide variety immigrants from other countries as well. Countries such as Germany, Ukraine and Uzbekistan make up three of the largest demographics in Kazakhstan (World Migration, 2015). Kazakhstan, even with its vast demographic is still well unpopulated. As seen in a 2009 census, the population was only at 16.4 million (Bureau of Democracy, Human Rights, and Labor, 2010). Considering that Kazakhstan is roughly over one million square feet, this does prove to be a slight issue. Could there, however, be a reason for this? Could the Kazakh government be to blame? According to minority rights, people...

Words: 1354 - Pages: 6

Free Essay

Administrative Organs in Kazakhstan

...and country is ranked as the 9th largest territory in the world. It is neighbored clockwise from the north by Russia, China, Kyrgyzstan, Uzbekistan, Turkmenistan and also borders on a significant part of the Caspian Sea. The population is approximately 17 million people, including Kazakh, Russian, Uyghur, Ukrainian, Uzbek, and Tatar. Approximately 63% of the population consists of Kazakhs. The capital city was Almaty up until 1997, when it was changed to Astana.   The official state language is Kazakh. In state institutions and local self-governing bodies, Russian language is used on equal grounds with the Kazakh language.   According to the 2009 census, 70.2% of the population is Sunni Muslims, followed by 20.6% Orthodox Christians, 0.1% Buddhists, 0.2% others (mostly Jews), and 2.8% non-believers.   The Kazakh khanate was formed in the 15th century and had 3 tribal divisions (juz). From the beginning of the 18th century Russian Empire begun colonization and by the 1860s, Kazakh khanate became part of the Russian Empire.   Alash Orda, a Kazakh Government led by Alikhan Bokeikhanov, existed between 13 December 1917 and 26 August 1920. The Alash Party proclaimed the autonomy of the Kazakh people in December 1917. On 26 August 1920, the Soviet government...

Words: 3625 - Pages: 15

Premium Essay

My University

...Kazakh National Al-farabi University Physics-technical faculty REPORT The theme: My university Fulfilled by: master’s student of specialty Power Engineering Mukhanova NazymZeynollakyzy Checked: senior lecturer GumarovaSholpanBilashevna Almaty 2015 My university is Al-Farabi Kazakh National University, also calledKazGU or KazNU. Kaznuis one of the oldest and most established universities in Central Asia, Kazakhstan, Almaty. Named after the Muslim scholar al-Farabi, it is the country's primary and largest university. KazNU is the oldest classical university of the Republic established by the Decree of the Kazakh Regional Committee (KRC) office dated November 13, 1933. One year after Kazakhstan's 1990 declaration of independence, the name was changed to Al-Farabi Kazakh State University. In 2001, the government classified it as a "national" university. More than 20000 students, graduates and PhD students study at KazNU, and there are more than 2500 faculty members working at KazNU, including 400 doctors of science, professors and more than 800 candidates of science and associate professors. Like other universities founded under the Soviet system, it is highly centralized. January 15, 1934 is the day of the official opening of Kazakh State University, which was established at the basis of the Pedagogical Institute by the decree of the Council of Peoples’ Commissars of USSR and VKPb Kazakh regional committee. On December 2 of the same year KazSU...

Words: 623 - Pages: 3

Free Essay

Russia Kazkahstan

...Ukrainian peasants in Kazakhstan. Completion of the conquest of Kazakhstan coincided with bourgeois reforms in Russia in the mid XIX century. The abolition of serfdom did not solve the agrarian problem. Peasant unrest continued. In these circumstances, the Government has taken steps to divert farmers from the revolutionary movement. One of them - to activate the resettlement policy. Relocation of the peasantry on the eastern edge not only allowed the land hunger in the central provinces of Russia, but also to create in their face support the Government's new place. Therefore, the tsarist government in the mid 60-ies of XIX century. transferred from the military Cossack colonization to mass. On the ground, prepared measures to colonization of the Kazakh steppe and repopulating it with Russian peasants. At the initiative of the military governor of Semirechensk Kolpakovsky in 1868 were developed "Provisional Regulations for the peasant resettlement in the Seven Rivers" acting before 1883. According to "Provisional Regulations" persons determined by a number of benefits: allotment of land of 30 acres per head (male), exemption from taxes and duties of any kind for 15 years, granting a loan of up to 100 rubles.     In 1883, in connection with the transition Semirechensk area in the Steppe General Government Local Authority has developed the "Rules on the land of the settled population of the region. The new rules have cut a few privileges immigrants. Land allotment has already determined...

Words: 811 - Pages: 4